Алматыда Шәріп көшесіндегі жылу магистралі қалпына келтірілді.
11 қарашаға қараған түні сағат 01.50-де «Алматы жылу желілері» ЖШС бригадасы диаметрі 400 миллиметр құбырды жөндеді. Сынақ жүргізілгеннен кейін жылу магистралі пайдалануға берілген және түнгі сағат 2.40-та жылу беру қалпына келтірілген. Қазір белгіленген режимде жұмыс істеп тұр.
Сонымен қатар, Шәріпов көшесіндегі көлік қозғалысы да ретке келтірілген. Асфальт жабындысын ауа райы қолайлы болған жағдайда биыл 13 қарашаға дейін жөндеу жоспарланған.
Оқыс жағдай туындаса (су, бу шығарындылары), +7-727-378-06-65 телефоны бойынша «АлТС» ЖШС апаттық-диспетчерлік хабарласуды әрі өз бетінше әрекет жасамауды және болған оқиға туралы хабарлауды сұраймыз,
делінген Алматы қаласының энергетика және сумен жабдықтау басқармасы хабарламасында.
Еске салайық, 10 қарашада Алматыдағы Шәріпов және Гоголь көшерінің қиылысында құбыр жарылып, ыстық су атқылады.