Алматыда Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты ғимаратынан өрт шықты. Бұл туралы қаланың төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
Диспетчерге өрт туралы хабар сағат 14.04-те түскен. Хабар ала сала оқиға орнына қарай өрт сөндіру бригадасы оқиға орнына қарай шыққан.
Жалын шыққан ғимаратқа өрт сөндірушілер 5 минуттан кейін жеткен.
Үш қабатты әкімшілік ғимараттың екінші қабатындағы 45 м2 аумақтағы бөлме өртеніп жатты. Өрт 14.23-те оқшауланып, 14.43-те толық өшірілді. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ,
делінген хабарламада.
ТЖД мәліметінше, өрттің неден шыққаны анықталып жатыр. Өртті 14 техника мен жеке құрамның 47 адамы өшірді.