Алматыда №38 бағытпен жүретін автобус өртенді. Бұл туралы әлеуметтік желілерде куәгерлер хабарлады.
6 қыркүйекте сағат 8:00 шамасында Сайын мен Шаляпин көшелерінің қиылысында автобус өртенді. Басында куәгерлер осы қиылыста қою қара түтін шығып жатқанын байқаған. Кейін желіде өртеніп жатқан автобустың видеосы жарияланды.
Оқиға 6 қыркүйек таңертең Сайын мен Шаляпин көшелерінің қиылысында болған. Сағат 8:00 шамасында куәгерлер осы қиылыстан қою қара түтін шығып жатқанын байқаған. Кейін әлеуметтік желіде өрт болған жердің видеосы тарады.
Алматы әкімінің баспасөз қызметі өрттің ендігі сөндірілгенін хабарлады. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Өрт енді ғана сөндірілді. Толық ақпаратты сәл кейінірек хабарлаймыз,
деп хабарлады әкімдік.
Қала ТЖД-сына № 38 бағыттағы автобустың жанып жатқаны туралы хабар сағат 08:27-де түскен.
Өртеніп жатқан автобусты сөндіру үшін жедел түрде көбік құйылған бөшкелер, автобус құрылымдарын салқындату үшін бөлек бөшкелер қойылды. Қабылданған шаралар арқылы өрт сағат 08:47-де оқшауланды,
делінген ТЖД хабарламасында.
Өрт сағат 8:50-де толық өшірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Бұл автобус «Алматыэлектротранс» ЖШС-ға тиесіілі.