Алматылық фотограф Дмитрий Доценко Instagram парақшасында таңғажайып табиғат құбылысының фотосуреттерімен бөлісті.
Фотограф биыл алғаш рет толған айдың (немесе жаңа туған айдың) басталуын Ай мен Жердің ең жақын арақашықтықта жақындау уақытымен сәйкес келген сәтін түсіріп үлгерген. Бұл құбылыс – supermoon, яғни үлкен ай деп аталады.
Биылғы бірінші үлкен ай. Ауа райы өте қолайлы болды. Сонымен қатар, түтін мен тұман болған жоқ, сондықтан кадрлар анық шықты,
делінген фотограф жазбасында.
Дмитрий Доценко Кіші Алматы шатқалының ең биік шыңдары – Орджоникидзе (4410 метр) және Партизан (4390 метр) шыңдарынан айдың шығуын суретке түсірген. Фотографтың айтуынша, ол бұл кадрларды жасау үшін үш жыл бойы күткен.
Үлкен ай – Ай өз орбитасында жерге ең жақын орналасатын уақыты. Мұндай сәттерде ай аспанда ерекше жарық және үлкен болып көрінеді.



