Айка есімді танымал блогер жас қыздарға жеңіл әрі оңай ақша табуға көмектесуге уәде беріп, өзінің схемасын тыныш қана іске асырып келген. Осылай қымбат көлік мініп, ақшаға құнығып қалған екен. Арам жолмен тапқан ақшасы соңында тозаққа бір-ақ әкелді деген осы.
Оның схамасы мынадай:
Сексуалдық қызмет көрсетуге дайын әдемі қыздарды іздеп, олардан 300 АҚШ доллар алады. Ол кіру құны. Әрі қарай Алматының қалталы ер адамдарын іздейді. Көрсетілген жеңгетайлық қызметі үшін күдікті клиенттен түскен ақшаның 40%-ын өзіне алып отырған. Қалғанын еркектерге «қызмет» көрсеткен қыз алған. «Кездесудің» құны бір сағат үшін 500 мың теңгеден бастап, әртүрлі бағада болған.
25 жастағы алматылық өзін Instagram-да 100 мыңнан астам оқырманы бар табысты модель әрі блогер ретінде көрсеткен. Ресми түрде еш жерде жұмыс істемеген.
Тінту барысында күдіктіден қылмыстық «бизнес» туралы жазбалары бар күнделік, жаңа және сатып алынатын жылжымайтын мүлік құжаттары, есірткі, Lexus ES 250 және Toyota Camry 70 маркалы көліктер, салмағы 1,72 грамм мефедрон табылды.
Күдікті 2022 жылы 209 миллион теңгеден астам пайда тапқаны анықталды.
Прокуратура келісімі бойынша ҚР ҚК-нің 309-бабы және 297-бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті қамауға алынды.