Алматы қаласы білім басқармасы шұғыл шешім қабылдады.
«Қазгидромет» ұсынған ресми ақпаратқа сәйкес, ағымдағы жылдың 13-14 желтоқсанында қолайсыз ауа райы жағдайы күтілуде:
- 13 желтоқсанда түнде қатты аяз 23-25 градус,
- ал 14 желтоқсанда түнде қатты аяз 25-27 градус).
Осыған орай ағымдағы жылдың 13-14 желтоқсанында 0,1-9 сынып оқушылары қашықтан оқытуды ұсыну жөніндегі талаптар мен ережелерге сәйкес қашықтан оқыту форматына көшеді.