ашық дереккөзден
Австралиялық Джеймс Харрисон 63 жыл ішінде 1000 рет қан тапсырған.
Харрисонның қанында анасының ресус факторлары бөлек сәбилердің өмірін сақтап қалу үшін көмектесетін өте көп мөлшерде маңызды антидене бар. Егер ананың ресуз факторы теріс, ал баланікі оң болған жағдайда, сонымен қатар ананың қанындағы антиденелер белсенді болса, онда жаңа туған нәресте дүниеге ауру немесе өлі келуі мүмкін. Ал Джеймстың қанында бүгінде иммуноглобулин вакцинасын шығара бастаған антиденелер бар. Австралиялық дәрігерлер бұл антиденелер оның ағзасына жасөспірім кезінде құйылған қанға байланысты дейді.
Джеймс Харрисон 1936 жылы 27 желтоқсанда дүниеге келген.
14 жасында кеудесіне күрделі ота жасалып, шұғыл түрде 13 литрге жуық донорлық қан қажет болыпты. Операциядан кейін ол ауруханада үш ай ем қабылдаған. Донорлық қан оның өмірін сақтап қалғанын түсінген жасөспірім 18 жасқа толған бойда донор болуға шешім қабылдапты (Австралия заңы бойынша донорлық үшін ең төменгі жас).
1960 жылдары австралиялық дәрігерлер елдегі нәресте өлімінің жоғары деңгейін жеңудің жолын іздей бастады.
«1967 жылға дейін Австралияда ресуз қақтығысы салдарынан жылына мыңдаған австралиялық сәбилер қайтыс болған. Әйелдерде түсік жиі кездесетін, ал балалар мидың зақымдалуымен өмірге келетін», — дейді Қызыл Крест өкілі Джемма Фалкенмир.
Ол 1954 жылдан бастап қан тапсыра бастаған. 18 жасар жігіттің қанында D резус-факторының антигеніне қарсы антиденелер өте сирек кездесетін органикалық заттар болып шықты. Кейін оның қан плазмасының негізінде қан сарысуы жасалып, өзге емделушілерге қолданыла бастады. Мысалы, анадағы резус-теріс қанның антиденелері баладағы резус-оң қанға өтіп кетпес үшін, сарысу плазмасын енгізеді. Нәтижесінде болашақ нәресте өміріне еш қауіп төнбейді. Джеймстің қан плазмасы көбіне анемия ауруына шалдыққандарға қолданылады.
Австралиялық азамат 1723 қайырымдылық жасаған. Осыдан кейін биліктегілер оны сіңірген еңбегі үшін Австралия орденімен марапаттады. Ал Гиннестің рекордтар кітабы оны әлемдегі ең белсенді донор деп таныды.
63 жыл бойын қан тапсырып келген Харрион 81 жасында соңғы рет қан тапсырды. Бұл австралиялық заңмен қамтамасыз етілген қан донорының ең жоғары жасы. Қазір белгілі донордың жасы 85-те.
«Мен көптеген сәбилерді осы дүниеге әкелдім, көп адамдардың өмірін құтқардым және бұл мен үшін үлкен бақыт», — деді атақты донер.
Оның айтуынша, егер оған рұқсат берілсе, ол одан әрі қан беруін жалғастыра бермекші.
Осы күнге дейін Джейс Харрисон арқасында екі миллионнан астам нәресте аман қалды, олардың ішінде Джеймстің немересі де бар.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…