Categories: Инсайдер

Ескі элитаның қаңтарды тағы қайталайтын ресурсы бар

Инфляция ырыққа бағынбай барады, халықтың табысы азайып, әлеуметтік наразылық тағы да бұрқ ете қалуы мүмкін. Қаңтардан кейін біршама басылғандай көрінген қоғамның қаһары қазір тамақ мен тауар атаулының бағасының өсуіне байланысты қайта оянып келеді, деп ескертеді Максим Казначеев деген саясаттанушы.

Айлықтан айлыққа дейін әрең жетіп жүрген халықтың үлесі көбейіп бара жатқанын әлеуметтік қызметтердің өзі мойындап отыр. Ірі зат сатып алуды доғарып, ақшасы тамақ пен коммуналдық төлемнен артылмай қалғандар қатары көбейді. Әлеуметтік жағдайдың ушыға бастағанын елімізде көбейіп бара жатқан қылмыс саны да айғақтаса керек.

Биылғы жарты жылдың ішінде телефон арқылы жасалатын алаяқтық, банк саласындағы қылмыстар күрт көбейіп, алаяқтардың қақпанына түскендер шырылдап жатыр. Алаяқтықтың мұндай түрлерімен ресейліктер айналысуда дегені – жай сылтау. Шындығында, ол алаяқтардың көпшілігі қазақстандықтар.

– Келесі халық көтерілісі қашан болады?

– Әлеуметтік тұрғыдан да, билік ресурсында да әзірге толқынысты болдырмауға мұршалар бар. Әр өңірде халықты көшеге жаппай шығаратындай шыдам шегі әртүрлі. Мысалы, Батыс Қазақстанда жалақыны екі есеге көтеруді талап ететін митингілер соңғы 1,5 жыл бойы басылмай келеді. Сөйте тұра, жалақы деңгейі бойынша Батыс Қазақстан өңірі көш басында келеді, ал халқының табысы айтарлықтай төмен Солтүстік Қазақстанда жаппай наразылық шараларын көрмейміз.

Ал биліктің ресурсына келсек, олар әзірге Ұлттық қорға, алтын-валюта резервтеріне иек арта алады. Негативті әлеуметтік-экономикалық құлдыраудың жарасын жеңілдету үшін қазір сол қорларымыздың ақшасы аямай жұмсалуда. Бірінші кезекте жанармай бағасы, коммуналдық қызметтер мен халық тұтынатын тауарлардың жекелеген түрлері субсидиялануда. Билік инфляцияның қарқынын бәсеңдету үшін қорымызды саналы түрде азайтуда. Әрі бұл саясатты әлі де біраз жалғастыруға мүмкіндік бар. Сосын билік органдарының жабық әлеуметтік зерттеулері бар, өздері ғана білетін. Қысқасы, өлетін жерін олар да біледі.

Биылғы көктем мен жазда пропагандалық-ақпараттық шаралар көп болды, содан қоғам саяси өзгерістер жасалады дегенге сеніп, үміттеніп, жарты жылымыз айтарлықтай тыныш өтті. Ал бірақ осы күзде ондай құр сөзбен құтылу қиын болады. Өйткені қымбатшылық одан сайын қысады, тағы да нақты әлеуметтік шараларды талап ету басталады.

Қаңтар тағы қайталана ма десеңіз, ондай үлкен толқыныс үшін қаржыландыратын, ұйымдастыратын, көшеден көшбасшылар табатын басқарушылық құрылым қажет. Иә, ескі элитаның қаңтарды қайталап жіберетіндей ресурсы бар, бірақ өткен жолғыдай күтпеген жерден бұрқ еткен көтеріліс әсері бұл жолы бола қоймас. Билік те енді қарап отырмас, ескі элитаның іс-әрекеті қазір қатаң бақылануда. Келесі президенттік сайлауға дейін билік ескі элитаны тырп еткізбеуге тырысады. Митинг ешқашан өздігінен туындамайды, қашан да оның ұйымдастырушылары болады. Билік митингтің қай топпен байланысты екенін біліп, одан түпкі пайда көрушінің қолын бірден қағып тастауға тырысады,

дейді сарапшы.
Айдын Қайнарұлы

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

2 дня ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

3 дня ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

4 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

4 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

4 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

6 дней ago