«Алтын қанды адам» 2 миллион сәбидің өмірін құтқарған донор

Австралиялық Джеймс Харрисон 63 жыл ішінде 1000 рет қан тапсырған.

Харрисонның қанында анасының ресус факторлары бөлек сәбилердің өмірін сақтап қалу үшін көмектесетін өте көп мөлшерде маңызды антидене бар. Егер ананың ресуз факторы теріс, ал баланікі оң болған жағдайда, сонымен қатар ананың қанындағы антиденелер белсенді болса, онда жаңа туған нәресте дүниеге ауру немесе өлі келуі мүмкін. Ал Джеймстың қанында бүгінде иммуноглобулин вакцинасын шығара бастаған антиденелер бар. Австралиялық дәрігерлер бұл антиденелер оның ағзасына жасөспірім кезінде құйылған қанға байланысты дейді.

Джеймс Харрисон 1936 жылы 27 желтоқсанда дүниеге келген.

14 жасында кеудесіне күрделі ота жасалып, шұғыл түрде 13 литрге жуық донорлық қан қажет болыпты. Операциядан кейін ол ауруханада үш ай ем қабылдаған. Донорлық қан оның өмірін сақтап қалғанын түсінген жасөспірім 18 жасқа толған бойда донор болуға шешім қабылдапты (Австралия заңы бойынша донорлық үшін ең төменгі жас).

1960 жылдары австралиялық дәрігерлер елдегі нәресте өлімінің жоғары деңгейін жеңудің жолын іздей бастады.

«1967 жылға дейін Австралияда ресуз қақтығысы салдарынан жылына мыңдаған австралиялық сәбилер қайтыс болған. Әйелдерде түсік жиі кездесетін, ал балалар мидың зақымдалуымен өмірге келетін», — дейді Қызыл Крест өкілі Джемма Фалкенмир.

Ол 1954 жылдан бастап қан тапсыра бастаған. 18 жасар жігіттің қанында D резус-факторының антигеніне қарсы антиденелер өте сирек кездесетін органикалық заттар болып шықты. Кейін оның қан плазмасының негізінде қан сарысуы жасалып, өзге емделушілерге қолданыла бастады. Мысалы, анадағы резус-теріс қанның антиденелері баладағы резус-оң қанға өтіп кетпес үшін, сарысу плазмасын енгізеді. Нәтижесінде болашақ нәресте өміріне еш қауіп төнбейді. Джеймстің қан плазмасы көбіне анемия ауруына шалдыққандарға қолданылады. 

ашық дереккөзден

Австралиялық азамат 1723 қайырымдылық жасаған. Осыдан кейін биліктегілер оны сіңірген еңбегі үшін Австралия орденімен марапаттады. Ал Гиннестің рекордтар кітабы оны әлемдегі ең белсенді донор деп таныды.

63 жыл бойын қан тапсырып келген Харрион  81 жасында соңғы рет қан тапсырды. Бұл австралиялық заңмен қамтамасыз етілген қан донорының ең жоғары жасы. Қазір белгілі донордың жасы 85-те.

ашық дереккөзден

«Мен көптеген сәбилерді осы дүниеге әкелдім, көп адамдардың өмірін құтқардым және бұл мен үшін үлкен бақыт», — деді атақты донер.

Оның айтуынша, егер оған рұқсат берілсе, ол одан әрі қан беруін жалғастыра бермекші.

Осы күнге дейін Джейс Харрисон арқасында екі миллионнан астам нәресте аман қалды, олардың ішінде Джеймстің немересі де бар.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago