Әйгілі футболист Пеле ауруханада ауыр хәлде жатыр. Желідегі хабарларға сәйкес, «Футбол патшасы» туыстарымен қоштасып, ақтық сапарға дайындалып жатыр.
Сонымен қатар желіде Бразилияда Пеленің жерлеу рәсіміне дайындық барысы бейнеленген видео да пайда болды. Аты аңызға айналған шабуылшыға оның бейнесі бейнеленген алтын табыт әзірленіп жатыр.

Айта кетейік, 82 жастағы Пелеге тоқ ішектің асқынған ісігі диагнозы қойылды.