Chevrolet Cobalt автокөлігінің Қазақстандағы қазіргі бағасы шамамен 6 млн теңге.
Неке қиюға келген екі жастың әлеуметтік желіде қызу талқыға түскені туралы El.kz агенттігі хабарлады.
Имам қалыңдықтан «Мәһрге не сұрайсыз?» деп сұрайды.
Қалыңдық болса, «Кобальт, көлік» деп жауап береді.
Айтпағы Chevrolet Cobalt болса керек.
Күйеу жігіттің жолдастары куәлік етіп, көлікті алып беретін болды.
Желі қолданушылары түрлі пікір жазып, қалыңдықтың таңдауын сынап жатыр.
«Қыздарда ұят жоқ қой»
«Дым көрмегендей неге сонша дүние сұрайсыздар?»
«Молдалар мәһр туралы сұрауды қойсын»
«Мәһрді ойыншық көретіндер көбейді», — деп жазып жатыр желі қолданушылары.