Үйлену салты өзектілігін жоймай келеді. Олардың көбі пайда болған сәттен қазіргі уақытқа дейін о бастағы мәнін жоғалтып, көруге арналған шоуға ұқсай бастады. Қалыңдық жасауы да сондай. Психотерапевт дәрігер Жібек Жолдасова мұны шектен шыққам зұлмат деп есептейді. Өйткені дәстүдің шын мәнін жоғалтқанына біраз уақыт болды.
Жасау — қыз солармен бірге бой жетіп, қолдана алатын жай ғана дәстүрлі таныс заттар. Олар — қызға туған үйін есіне салып, бір жағынан ендігі өз үйінде, жаңа өмірін қалыптастыруға күш беретін заттар.
Дегенмен қазір жасау байыту, кедейлендіру (күткеннен де аз болса) түріне айналды. «Жасаусыз қыз» деген түсінік пайда болды, бұл әйелді одан да әлсіз әрі кем етеді. Уақыт өте келе қыздар қауымы жасаудың тұтқынына айнала бастады. Бұған көз жеткізу үшін қалыңдықты даярлауға көз салғанның өзі жеткілікті.
Күйеудің отбасына қалыңдықтың ішкиім санына дейін көрсету қажет. Жаңа ішкиім, жаңа көйлек/шаблар/жейде, барлық маусымға арналған жаңа аяқкиім, пальто және тон, мамықтан жасалған сыртқы киім мен күрткелер. Бұл не өзі? Атаққұмарлық жәрмеңкесі ме?
дейді Жібек Жолдасова.
Мұнымен әлі біткен жоқ. Асүйдің керек-жарағы, кілемдер, теледидар және басқа да тұрмыс заттары. Мұның бәрі неге екені белгісіз жасаумен бірге келіп, енді күйеудің отбасысы дүниесі саналады.
Бұл біртүрлі. Күйеудің отбасы оларды қалаған адамына сыйлауға, тіпті сол дүниелер үшін қызды мұқатуға толық құқы бар. Мұны өркениетті адамдардың тұрмыс құруымен салыстырайық — бір-бірін жақсы көретін екі адам жай ғана бірге тұра бастайды. Олар кім өзімен бірге қанша кәстрөл әкелгенін санап жатпайды, кімнің не нәрсеге жауап беретінін келіседі,
деді Жібек Жолдасова.
Психотерапевт дәрігердің пікірінше, дәстүрді абсурдқа дейін жеткізіп, оны шын мағынасынан айырды.