Түнгі ұйқының қалыпты болуы ағзаның дұрыс жұмыс істеуі үшін өте маңызды, сондықтан денсаулықты түзеу үшін ең алдымен ұйқысыздықпен күресу қажет. Ғалымдар ұйқыны реттеудің қарапайым әдісі бар екенін анықтады — ол үшін төсек-орын жабдықтарын ақ түске ауыстыру керек.
АҚШ ғалымдарының бір тобы жүргізген жаңа зерттеу көрсеткендей, әппақ төсеніште және басқа да элементтері ақ төсекте ұйықтасаңыз, ұйқының сапасын едәуір жақсартуға болады. Сонымен қатар, ұйқының сапасы жатын бөлменің жалпы тазалығына байланысты.
Ғалымдар Солтүстік Американың 25-55 жас аралығындағы 1500 тұрғыны арасында сауалнама жүргізді. Респонденттердің 58 пайызы түнгі ұйқының белгілі бір проблемаларына шағымданды. Ұйқысы бұзылған адамдар мұны, атап айтқанда, ыңғайсыз төсек, жағымсыз төсеніш матасы, жағымсыз иістер, көшеден түсетін жарық және басқа да факторлармен түсіндірді.
Зерттеу авторлары адамдарға қалыпты ұйқыға кедергі келтіретін факторларды жоюды ұсынды. Бұл күтпеген нәтиже берді — зерттеуге қатысушылар төсеніштерді әппаққа ауыстырғанда ең түбегейлі өзгерістер болғанын айтты. Әрине, төсек-орындарды таза ұстау керек, сонда әсер сақталады, сонымен қатар жатын бөлмесінің жалпы жайлылығына, сондай-ақ ауа температурасы мен жарық түспеуіне назар аудару керек.