Амангелді Шабдарбаев: «Мен оратор емес, офицермін – бәрін бетке айтамын!»

Арнайы қызметтердің бұрынғы басшысының ашық сұхбаты.

Жақында БАҚ-тың бірінде ҰҚК экс — төрағасы Нартай Дүтбаевтың сұхбаты жарияланды. Ол өзінің кінәсіздігін және Мұхтар Жәкішевтің «ғасыр алаяқтығы», яғни уран ісіне еш қатысы жоқтығын ашық түрде жариялады. Сонымен қатар, ол ҰҚК-нің сол кездегі басшылығын және арнайы қызметтердің экс-басшысы Амангелді Шабдарбаевты қылмыстық істі маған қарсы бұрмалады деп айыптады.

Шын мәнінде не болды? ҰҚК-нің бұрынғы төрағалары мемлекеттік опасыздыққа қандай қатысы бар? Осы және өзге де сұрақтарға Амангелді Шабдарбаев жауап берді.

«Мен ҰҚК-де болған кезде террористік шабуылдардан алшақ болдық»

— Амангелді Смағұлұлы, қаңтардағы қайғылы оқиғаларға қатысты сіздің ұстанымыңыз осы күнге дейін түсініксіз болып келді. Көбісі бұл оқиғаны 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларымен салыстырады. ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы ретінде бұл мәселеге көзқарасыңыз?

— Бұл мәселеге қатысты пікірлер сан-алуан. Мұхтар Әблязов пен бұрын төрағалық еткен Әлнұр Мұсаев тарапынан әңгімелер айтылуда, Президенттің бұрынғы кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев да осыған байланысты Youtube-те айтып жатыр. Мен ешкімді айыптағым келмейді. Әркімнің өз пікірі бар.

Қаңтар айындағы оқиғалар алдын ала ұйымдастырылған деп ойлаймын. Мақсаттары — билікке келу. Олар Қасым-Жомарт Тоқаев халық толқуынан қорқып, Қырғызстанның бұрынғы ел басышлары сияқты мемлекеттен қашып кетеді деп ойлады. Бірақ ойлары іске аспады. Енді  кейбір қашқындар Президенттің сөзін бұрмалап, ол халыққа от жаудырыңдар деген бұйрық берген деседі. Ел басшысы бейбіт халықты емес, қаруланған террористтердің көзін ескертусіз жоюға тапсырыс берді.

Мен ҰҚК төрағалық еткен жылдары бірде-бір террористік актіге жол бермедік. Біздің арнайы қызметтеріміз ұйымдасқан сақалды-террористердің үш қылмыстық тобын анықтап, залалсыздандырды. Іс сотқа берілді.

Экстремистер көшеге шығуға қорқатын. Барлық құқық қорғау органдары мұндай жағдайларда не істеу керектігін Президенттің бұйрығынсыз-ақ біледі. Оларда арнайы нұсқаулықтар бар. Сондай-ақ, арнайы дайындалған офицерлер бар. Олар кіммен күресу керектігін нақты біледі. Қарулыны қолға түсіру үшін күш көрсетуі мүмкін, ал кейін оның мән-жайын анықтауға кіріседі.

«Нұрқаділовтің өліміне қатысты істі қайта қарастыру керек»

— Сіз оппозициялық саясаткер Заманбек Нұрқаділовтың өліміне қатысты тергеуді қайта бастау керек деп айтқансыз. Бұл тақырып бүгін несімен өзекті?

Марқұм Заманбектің ұлы Қайрат бірнеше рет баспасөзде әкесінің өлімін  Бас прокуратура қайта қарастыруын сұраған. Ұлы сұрап отырса, мүмкіндік беру керек деп ойлаймын.  Кімнің дұрыс , кімнің бұрыс екенін тағы да тергеп, көз жеткізу керек. Бұл сұраққа қатысты нақты жауап бере алмаймын. Себебі қылмыстық іспен ІІМ айналысты. Әрине, ҰҚК  шетте қалмады, халық тергеудің дұрыс жүріп жатқанын ұғынуы мақсатында бақылаумен айналысты. Мен Нұрқаділовты жеке таныдым. Өте батыл адам еді. Шындықты айтудан қорықпайтын. Өз пікірін ашық айта білді. Мұндай ер азамат махаббат үшін өзіне-өзі қол жұмсамайды деп ойлаймын. Мен оратор емеспін, офицермін — бәрін бетке айтамын.

Саясаткер өзін-өзі өлтірді деген ІІМ-нің нұсқасына сенбейсіз бе?

Егер бұл кісі өлтіру болса, онда оған қатысы бар адамдар биліктің беделін түсіріп, шатақ шығаруды көздеген.  

«Мұсаевтың мұңы»

— Тәуелсіз Қазақстанның тарихында, елдің ұлттық қауіпсіздігін сеніп тапсырған үш азамат — Әлнұр Мұсаев, Нартай Дүтбаев және Кәрім Мәсімов  қалайша іс жүзінде мемлекет сатқындары болып шықты? Енді ешкімге сенуге болмайды ма?

— Біріншіден, Мұсаев елдегі билікті басып алғысы келген кезде, ол ҰҚК төрағалық қызметінен кетіп қалған.  Мемлекеттік төңкеріс жасау үшін ең алдымен ол және оның сыбайластары Нұрсұлтан Әбішұлының сеніміне кіру керек болды. Мұсаев қарулы төңкеріс жасағысы келмеді, алайда айла-амалмен және күрделі жолмен билікті басып алуға тырысты.  Мүмкін оның  өз реніші болған шығар, кім біледі.

2006 жылдың 11 ақпанында Алтынбек Сәрсенбаевты өлтірді. Тура бір жылдан кейін дәл осы күні «Нұрбанк»-тің топ-менеджерлері — Айбар Хасенов пен Жолдас Тимралиевтің мәйіттерін сол жерге тастап кетпек болған. Осылайша олар қоғамдағы наразылық толқынын көтеру арқылы билікке келу жолын қарастырған. Алайда жоспар іске аспады.  

Осындай ақпарат пайда болған кезде мен Нұрсұлтан Әбішұлына кіріп, дайындалып жатқан арандатушылық туралы хабарладым. Бастаушыларға қатысты іс қозғауды ұсындым, бірақ ол рұқсат бермеді. Бір аптадан кейін бұл мәселені тағы көтергенімде, Президенттің ашуына тигенім бар, бірақ кейінірек рұқсатын берді.

-ҰҚК экс-төрағасы Кәрім Мәсімовтің үйін тінту барысында қомақты ақша табылды.  17,2 миллион доллар қолма — қол ақшамен, одан бөлек элиталық сағаттар, алтын құймалар, антиквариат және тағы басқа да көптеген құнды заттар тәркіленді. Арнайы қызметтің бұрынғы басышысына мұндай байлық қайдан келген?

—Ол барлық ақшаны өзінде ұстады.  ҰҚК әрқашан жоғары басшылықтың жағында болды. Ол қаңтар оқиғасының болатынын алдын ала білген шығар, тіпті ұйымдастырушысы болуы мүмкін. Бірақ оны тек сот қылмыскер деп тани алады. Бұл заң. Сондықтан мен үкімге дейін  ешқандай түсініктеме бермеймін. Бұл жерде Мәсімовтің байлығы да, ақшасы да маңызды емес…

«Дүтбаевты кім тастап кетті?»

— Жақында арнайы қызметтердің бұрынғы басшысы Нартай Дүтбаевтың сұхбаты жарияланды. Ол Мұхтар Жәкішевтің ісіне қатысы жоқтығын мәлімдеді. «Қазатомпром» бұрынғы топ-менеджерлеріне қарсы қылмыстық істі ҰҚК жүргізгені белгілі. Ол кезде сіз төрағалық еттіңіз.  Осы жайлы не айта аласыз?

— Дүтбаев  бәрібір отырып шықты. Ол өзін қорғауға әрине құқылы, егер қаласа, әрі қарай өзін қорғасын. Мен қазір оны айыптап, балағаттағым келмейді. Сәрсенбаевтың өлімінен кейін өзі отставкаға кетті.

Оның қызметтен кетуіне сіз ықпал еттіңіз деседі. Оның орнын басып алу мақсатында. Бұл қаншалықты рас?

— Маған оның қажеті болған жоқ. Ол кезде мен Президенттің күзет қызметінің бастығы едім. Егер бұл Дүтбаевтің ойы болса,  мен сіз арқылы оған жағдайды түсіндірейін. Президент маған ҰҚК төрағасы лауазымын ұсынған кезде, мен бармайтынымды бірден айттым. Қонаевтың кезінде комитеттен «тоғызға» кеткенмін, бірақ мені сол жерден қуып жіберді. Содан кейін мен трестке жұмысқа бардым, содан кейін қайтадан СОП-ға оралдым, ол жерден де кеттім. Кейін ҚР МТК төрағасының орынбасары болып жұмыс істедім. «Арыстанды» басқарып, тағы да ПКҚ-ға оралдым. Атышулы Нұрқаділов пен Сәрсенбаевтің өлімінен кейін ҰҚК-не келу тіпті ойымда болмады. Бірақ Нұрсұлтан Әбішұлы маған комитетті басқаруға тура келетінін айтты.

Мен Дүтбаевтың артын аңдыған емеспін. Ол маған керек емес.  Керісінше, оны қызметінен босатып, Павлодарға жіберген кезде, мен оның арнайы қызметтердің басшысы лауазымына тағайындалуына ықпал еттім. 2001 жылы мен оған ел басшылығы алдында өзін көрсетуге мүмкіндік бердім.

Біз Жәкішев бойынша «уран ісімен» айналыса бастаған кезде, әлеуметтік желіде Дүтбаевтың Жәкішевпен телефон арқылы сөйлескенін көрген шығарсыздар. Ол оның ағасына айналған. Жәкішев Жапондықтарға уран кен орындарын беріп, Дутбаевпен бірлесе шетелдіктермен мәміле жасаспақшы болған. Бірақ мен ол келісімнің болуына жол бермедім. Мүмкін сол себепті маған ашулы шығар.

— Алайда Дүтбаев уран сатудан түскен ақшаға өзінің қатысы барын жоққа шығарады. Бұл 300 миллион доллар. Әблязов оны алдап, ол өз ақшасын (бұл мәміленің 10% — ы) пайдалана алмады деген сыбыс бар. 2009-2010 жылдары қаражатты Әблязов «БТА Банкі» АҚ мен оның Ресейлік филиалына жұмсалғаны белгілі. Солай ма?

— Иә, Дүтбаев бұл ақшаны ала алмады. Әблязов өз ісі үшін қамақтыға қамалды. Өзін қалай ақтап, қорғағанымен, уранның 60% — ы шетелдіктерге тиынға сатылды. Барлық жерде «Қазатомпром» төрағасы Мұхтар Жәкішевтің қолы қойылған. Премьер-министрлердің ешқайсысы бұл туралы білмеген.

-Дүтбаев банкир Татишевтің өліміне қатысы барын да жоққа шығарады…

— Әрине, Дүтбаев өз қолымен ешкімді өлтірмеді. Бірақ банкирді кім өлтіргенін ол жақсы біледі. Мұның барлығы сот материалдарында жазылған. Оны қайталаудың қажеті жоқ.

«Назарбаев Байбекке не деді?«

Нұрсұлтан Назарбаев Нұрлан Нығматуллин мен Бауыржан Байбекті өзіне шақыртып,  Шабдарбаев сенуге болатын жалғыз адам, ол Дінмұхамед Қонаевты қиын сәттерде тастамай, онымен соңына дейін бірге болған деген екен. Бұл рас па?

— Мен мұны білмеймін, бірақ басқасын естідім. Бұрын Нұрсұлтан Әбішұлы менің Дінмұхамед Қонаевқа ешқашан опасыздық жасамағанымды бірнеше рет айтып, тентек мінезімді де ерекше байқайтын.

«Киллер қателескен жоқ»

— Бірнеше жыл бұрын Петропавлда қаржы полициясынің өлімі орын алды. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, киллер қателесіп, ұлыңыздың орнына оның орынбасары Жандос Ахметовты өлтірді… Содан кейін бұл іс шешендерге ауысты, яғни Махмахановтар әулетінің қатысы бар болып шықты. Ол  Маловодныйда орын алған оқиғаға байланысты, олардың туысын өлтіріп, үйін өртеген сәт. Сіз бұны қалай түсіндірер едіңіз? Бұл арандату ма, әлде басқа себеп болды деп ойлайсыз ба?

— Мен сол кезде жеке тергеу жүргіздім, шешен диаспорасының басшысымен сөйлестім, сондай-ақ Мәскеудегі Махмахановтардың үлкен ағасымен сөйлестім. Бұл мен үшін ауыр сұрақ. Мен ол кезде ұлым үшін қатты қорқатынмын. Олар маған ашығын айтты: «Біз сізді жеке білеміз және құрметтейміз, сізге ешқандай шағымымыз жоқ. Сіздің ұлыңыз қаржы полициясының бастығы екендігі туралы бізде ақпарат болмады. Аюдың баласын өлтіріп, әкесін қалдырудың маңызы жоқ. Журналисттер де тергеу жүргізіп, іс жүзінде ешқандай қателіктің болмағанын анықтады. Кімді өлтіруге тапсырыс берген, соны өлтірген.

Сондай-ақ Мамахановтар ешқашан киллерді жалдамайтындығын айтты. Шешен өшті өз қолымен алу керек, әйтпесе ол қанды кек болып саналмайды.

Ал ішкі істер министрлігінің мәлімдеуінше, өлтіруші  қателескен. Олай емес. Менің ұлым Нұрлан Шабдар сол кезде Петропавлдағы финполдың басшысы болған, дәл сол уақытта  демалысқа кеткен. Киллер жарты жыл аңдыған құрбанын шатастырып алмас. Сонымен қатар, Нұрлан мен оның орынбасары бір-біріне ұқсамайды, сондай-ақ жас айырмашылығы он жыл. Қателесу мүмкін емес.

— Алайда сотта киллер бастапқыда шешендер Нұр-Сұлтанда Алик Шпекбаевты өлтіруге тапсырыс бергенін мойындады. Қастандық жасаушының нұсқасы бойынша, ағайынды Махмахановтар Маловодныйдағы оқиғаны ұйымдастырушыларды  табу үшін Шпекбаевқа жарты миллион доллар төлеген.  Бірақ ол таба алмаған. Сонымен қатар, сотта киллер Шпекбаевты өлтіруге тапсырыстың соңғы сәтте болмағанын айтты, ол сіздің ұлыңызға Петропавлға барған…

— Ішкі істер министрлігі финполиция қызметкерінің өлімін  Маловодныйдағы оқиғаларға байланыстырғысы келді.  Шпекбаев тергеу жүргізді. Тапсырыс беруші шешен Махмаханов болып танылды. Бұл істе менің ұлым да тергеуден өтті. Алайда ұлымның Алматы облысындағы  оқиғаға ешқандай қатысы жоқ. Олар маған зиян тигізгісі келді…

«Тамаша колхоз төрағасы болар едім»

— Сізге көптеген мемлекеттік құпиялар мәлім және ұзақ уақыт арнайы қызметтерде жұмыс істедіңіз, мемлекеттік қызметке қайта шақырып жатқандар жоқ па?

— Жоқ, біріншіден, жасым келмейді. Екіншіден, өзім де сұранбаймын. Тоқаевты сыйлаймын. Мықты президент. Жақында біз волейболдан жастар турнирін өткіздік, сонда мен президент Тоқаевтың жастармен жұмыс жөніндегі тапсырмасын іске асырып жатқанымызды айттым. Қонаев турнирінде де сөз сөйледім, былай дедім: міне, өнегелі басшы қандай болуы керек – ақылды, мәдениетті, білімді, биік. Байлық жиған жоқ, сол күйі о дүниеге аттанды, міне, президент сондай болуы керек.

Мен туралы былай дейді: бұрын адамдарды отырғызушы еді, ал қазір жүгері отырғызады. Оларға жауап ретінде Рим императоры Диоклетиан туралы оқиғаны айтып беремін. Ол абсолютті биліктен өз еркімен бас тартып, Сплитке, теңіз жағалауындағы үйіне кетіп қалған тарихтағы ең танымал басшылардың бірегейі шығар. Теңіз жағалауындағы үйінде ауыл шаруашылығымен айналысып, қарапайым күн кешеді. Римдіктер патшалыққа қайта шақырғанда, Диоклетиан бас тартады.

— Неге бас тартасыз? — деп отандастары жалынғандай болады.

— Сплитте қандай орамжапырақ өсіргенімді көрсеңіздер, сұрамас едіңіздер, — дейді бұрыңғы император.

Осы сөзімен ол тарихқа енген…

«Мен тамаша колхоз төрағасы болар едім» деймін мен бәріне.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

42 минуты ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

22 часа ago

Шымкентте мектеп директоры 48 млн теңге жымқырды

Шымкентте 48 млн теңге жымқырды деген айып тағылған №44 орта мектеп директоры және оның орынбасары,…

23 часа ago

Студенттердің тамақтануы: фастфуд басым болып келе ме?

«Денсаулық» Ұлттық қауымдастығы» ЗТБ және Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) Алматының студент жастарының салауатты өмір салтына…

2 дня ago

Ақтауда мектеп күзетшісі оқушы қызды зорламақ болды

Оқиға 11-шағын ауданда орналасқан №10 мектепте жексенбі күні болған, деп хабарлады sadaqmedia.kz. Білім беру ұйымының…

2 дня ago

Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын…

2 дня ago