Ресейлік медиаменеджер, «Муз-ТВ» арнасының бұрынғы басшысы Арман Дәулетияров марқұм анасының үйін мешіт ретінде көпшілікке пайдалануға берді.
Аталмыш үйде медиаменеджер туып-өскен. Кейіннен ескі үйді бұзып, анасына жаңа үй тұрғызып берген. Дәл осы қара шаңырақта анасының соңғы күндері өтіпті.
Бұл шешім Дәулетияровтың анасының көзі тірісінде қабылданған. Мешітке Айман Дәулетиярованың есімі берілмек. Жылы өткен соң мешіттің есігі барша мұсылманға ашық болады.
Кез келген жан мында келіп, дұға ете алады. Оған қоса мешітте балаларды Құран мен ислам негіздеріне үйрететін болады. Біздің ауылда, тіпті көршілес елді-мекендерде де мешіт жоқ,
деді Арман Дәулетияров.
Айта кетейік, Арман Дәулетияровтың анасы осы жылдың шілде айында өмірден өтті. Қаралы хабарды медиаменеджердің өзі жеткізді.