Categories: Оқиға

Анасы 600 мың теңгеге «сатқан» 15 жасар қыздың оқиғасы: әкесі жаңа мәліметтер айтты

Әлеуметтік желіде жігіттің 15 жасар қызды алып қашып, анасына қалың мал ретінде 600 000 теңге төлегені туралы оқиға резонанс тудырды. Жұртшылық бұл оқиға туралы әкесінің «Немолчи» қауымдастығынан көмек сұрап, жүгінгенінен кейін білді.

Elitar.kz сайтына сұхбат берген қыздың әкесі Бауыржан Масимовтың сөзінше, оның бұрынғы әйелі қызының үйленбегенін, оқиғаның «пранк» екенін айтқан.

Әкесінің айтуынша, ол қызының тұрмысқа шығып жатқанын әлеуметтік желідегі фотосын көргенде ғана білген. Оған дейін еш хабары болмаған. Осы күнге дейін 15 жасардың қыздың өміріне толық анасы жауап беріп жүрген.

Мен 15 жасар Айымның әкесімін. Қызымның қашып кеткенін естігенде бұрынғы әйеліме хабарластым. Сөйлескен әңгімемізді жазып алдым. Оған не жетпеді, түсінбедім. Ол қызымызды 600 мың теңгеге сатты,

дейді әкесі,

Бұрынғы әйелі оған 600 мың теңге «қалың мал» алғанын айтқан. Бауыржан Масимов барлық дәлелді жинап, полицияға барған. Бірақ қыздың анасы оның атына тағылған барлық айыпты жоққа шығарып, болған оқиғаның әзіл екенін айтты.

Бұрынғы жұбайымның жаңа нұсқасы бойынша бұл — пранк. Бұл туралы ол Жетісу ауданының полициясына, ал полиция қызметкерлері маған хабарлады. Енді олар маған «пранк» болғандықтан іс жабылатынын мәлімдеп отыр,

дейді қыздың әкесі.

Соған қарамастан, әкесінің өтініші бойынша «он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе жыныстық сипаттағы өзге де әрекеттер» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ұрлау туралы арыз бойынша сотқа дейінгі тергеу барысында Шымкент қаласының кәмелетке толмаған тұрғынының бұрын таныс адамы болғаны анықталды. Бірақ соған қарамастан, анасы Жетісайдан қызды Шымкент қаласына алып кетті. Мәжбүрлеп ұрлау фактілері расталмады. Сондықтан сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК 122-бабы бойынша жалғасып жатыр Тиісті сараптамалар тағайындалды,

деп түсіндірді құқық қорғау органдары.

Алайда жасөспірімнің әкесі бұған келіспеді. Ол қызын сатқаны үшін анасын жауапқа тарту керек дейді.

Өз мәлімдемемде істі тек 122-бап бойынша емес, 125 бап (адам ұрлау) бойынша да қозғауды талап еттім. Бірақ олар 122-ге ғана тоқталды. Ал 125, 128-бап (Адам саудасы) және 140-бап (кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу міндеттерін орындамау) қарастырылмады. Полицияның қалай жұмыс істейтінін түсінбеймін,

деді Бауыржан Мәсімов.

Ол істі аяғына дейін жеткізетінін айтты.

Алайда қыздың анасы экс-жұбайының ойымен келіспейді.

Саналы әке қызының болашағы үшін осылай жасар ма еді? Дәлелі болса, полицияға арыз жазсын. Болды, басқа ештеңе айтпаймын,

деді жасөспірімнің анасы.

Оқиға қалай өрбісе де, кәмелетке толмаған баламен жыныстық қатынас фактісі дәлелденсе, кінәлі адам жауапқа тартылады.

Наргиза Аршидин

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

3 дня ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

4 дня ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

5 дней ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

5 дней ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

5 дней ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

1 неделя ago