Кез келген қыз қызыға қарайтын «идеал» жігіт қалайша қатігез безбүйрекке айналды?
Кезінде Назарбаевтың қол астында болған экс-министр 2017 жылы жемқорлықпен ұсталып, 2018 жылы сотталып кеткен. 2019 жылы Назарбаевтың билігінде рақымшылық жасылып, босап шыққан. Нәтижесінде 2017 жылдың қаңтарынан бастап есептегенде экс-министр өз мерзімінің, яғни бастапқыда сот тағайындаған 10 жылдың 2 жыл 9 айын түрмеде өтеген. Темір тордан босап шығып, 14 жыл некеде болған заңды әйелімен ажырасты. Кейін жас қызға көзі түсіп, 2022 жылы үйленді. Бір жылдан соң өз қолымен өлтірді.
Салтанат Нүкенова 1992 жылы дүниеге келген. Павлодар облысының тумасы. Жақсы отбасынан шыққан. Тәрбиелі, оқыған қыз. Достары көп. Астрологиямен айналысқан. Сүйіп қосылған жолдасы аямай не үшін соққыға жықты? Қалайша өлімге қиды?
Осындай қатігездікке не үшін барды? Отбасы қандай болды?
Кейбір дереккөздерге сүйенсек, анасы бақытсыз деп айтуға келмейді. Қызылордада көрші тұрған дереккөздің жазуынша, қылмыскердің анасы өте көрікті әйел, елде жоқты киген, астында елде жоқ «шестерка». Сол кездегі алғашқы көлік тізгіндеген әйел болған. Өте бақытты отбасы. Әкесі тіпті ақкөңіл, арттарынан еш сөз ермеген, мықты жанұя еді, дейді.
Қуандық Бишімбаевтың әкесі Уәлихан Бишімбаев ғалым, техника ғылымының докторы, профессор, ҚР ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылыми қайраткері. 2012-2016 жылдары V сайланған Мәжіліс депутаты болған. Жамбыл университетінің және М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ректоры. Сондай-ақ 2001-2012 жылдары — М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры болған.
Анасы Альмира Нұрлыбекова «Қуаныш және компания» ЖШС басқарған. Кәсіпорын 2014 жылы жабылды. Компания ешқашан салық төлемеген, 2012 жылы көрсетілген сомма – 100 теңге.
Қуандық Бишімбаевтың әпкесі де сол отбасылық компанияның басқарушыларының бірі болған.
Отбасында не көрсе де, қандай жағдай болмасын адам өлтіруге ешкімнің құқысы жоқ. Жанұясы бақытты болған деп жазып жатса да, ол бала кезінде ішінде қалған өшпенділігін әлі келген әйелінен алған сияқты.
Туа біткен емес, өсе келе пайда болған қатігездік, безбүйректік болса керек!