Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Қоғам > Анасы есірткіге тәуелді: Алматыдағы егіз қыздарды зорлауға қатысты жаңа деректер шықты
ҚоғамОқиға

Анасы есірткіге тәуелді: Алматыдағы егіз қыздарды зорлауға қатысты жаңа деректер шықты

Сая Манарбековна
Сая Манарбековна 06.10.2023
Обновлено 06.10.2023 в 10:10
Поделиться
Фото: kaz.globalnews.kz
Поделиться

Қыздардың туған анасы небәрі жиырмалар шамасындағы келіншек. Өзі есірткіге тәуелді. Туған-туыстары түгел ішкілік пен нашақорлыққа салынып кеткен соң, бүлдіршіндердің тәрбиесі тұрмақ қауіпсіздігіне ешкім бас қатырып жатпаған сыңайлы, деп хабарлайды КТК арнасы.

Қазір қамаудағы Арсыланбек Қыдырбаев полицейлерге ұсталар күні шешесін шақырып, оқиғаның қалай болғанын айтып үлгерген екен. Келіні өз немересін күйеуінің қойнына салып берді деп отыр.

Қорлық көрген егіздердің анасы есірткіге тәуелді дейді. Ал өзінің ішімдікке жақын екенін жасырмай айтып отыр. Өгей немересін зорлады деп айыпталған 40 жастағы күдіктінің мас күйін көршілер сан мәрте көрген. Десе де отбасы тұйық болыпты.

Көршілерінің айтуынша, 40 жастағы үй иесі бірнеше жыл бұрын үйленген. Такси жүргізушісі болып жұмыс істейді.

Оқиға болған үйдің аумағы жартылай қоршалған. Күдіктінің анасының айтуынша, оған немерелерін зардап шеккен балалардың әжесі өзі әкелген. Ер адам сол кезде мас болған және қылмыстан кейін телефон соғып, не істегенін айтқан.

Түнде балаларды зорлады деп естідік. Көршілер шуылдады. Полиция мен жедел жәрдем дәрігерлері келді. Мен отбасының ішімдік ішетінін естідім. Қылмыскердің анасы көз жасын тыя алмай отыр,

дейді Гүлназ Нұрзилова.

Қарт әйел баласының ішімдік ішетінін мойындап отыр. Айтуынша, қылмыс жасаған кезде келіні жақын жерде болған және бәрін көрген.

Мен оған басқалардың балаларымен араласпа, оларға жақындама деп айтқанмын. Менің ұлым саусағын тыққанын мойындады. Ол маған балаларды әйелінің өзі әкеліп, «Жаса” деп айтқанын жеткізді. Ол мас болған. Енді қылмысы үшін жауап берсін! Мен мұндай жаман ұл өсірген жоқпын,

дейді күдіктінің анасы.

Арсыланбек Қыдырбаевтың тұрақты жұмысы жоқ. Тек ауылда адам тасып күнелтіп келген.

Ал полицейлер екі күдіктінің ұсталғанын жеткізді. Ол егіздердің нағашы әжесі мен оның көңілдесі. Тергеу жалғасып жатыр. Екі қыз қазір анасымен осы ауылдағы ауруханада емделіп жатыр. Біреуіне ота жасалыпты.

Балалардың жағдайы орташа. Ауруханаға түскенде олардың зорлық көргенін дәрігерлер бірден анықтады. Полицияға да дереу хабар берілді. Алған жарақаттарына байланысты балаларға операция жасалды. Қазір өмірлеріне төніп тұрған қауіп жоқ. Медициналық көмекпен қатар, психологтар да жұмыс істеп жатыр,

дейді Ажар Ғиният.

Алматы облысында ер адам екі бүлдіршінді бірнеше ай бойы зорлап келгені туралы жазған едік.

ТЕГи: Әлеуметтік желі, Главное, Қазақстан, Сарапшылар ойы
Сая Манарбековна 06.10.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?