Былтыр қаңтар айында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің көптеген қызметкерлері, соның ішінде басқарушы звенодағылар бастамашылдық пен жауапкершілікті таныта алмады. Олардың кейбірінің бірқатар қылмысқа қатысы бары анықталды.
бүгінге дейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінде 11 қызметкер қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатыр. Кейбірі бойынша іс аяқталған,
деді Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Марат Қалқабаев.
ҰҚК қаңтар оқиғасы бойынша үлкен кешенді тексеру жұмыстарын жүргізді. Бұйрық талаптарына және қызмет атқаруы тәртібіне, сонымен қатар лауазымды тұлғаларға жауаптылықты арту жағынан үлкен, өзгерістер енгізілді.
Еске сала кетсек, бүгін мәжіліс депутаттары «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ҚР арнаулы мемлекеттік органдарындағы қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарады.