Аргентинада ақпан айында жылдық мәнмен есептегенде инфляция деңгейі 102,5% пайызға жетті!
Қаңтарда 98,8% болған.
Мұндай сұмдық инфляция бұл елде соңғы рет 1991 жылы тіркелген.
Былтыр футболдан әлем чемпионы атанған елде қуаныштың ізі де қалмады.
Ел дүкендеріндегі бағалар тек бір айдың ішінде жалпы алғанда 6,6%-ға қымбаттады.
Инфляцияның қарқыны сонша,
елдегі дүкендердегі бағалар апта сайын өсетін болды.
- Тіпті ел билігі гиперинфляцияны ресми мойындап отыр.