Аптап ыстықтан ең көп зардап шеккен Германия азаматтары — 4500 адам. Оған қоса ыстық ауа райынан 4000-ға жуық испаниялық, 3200 британиялық, мыңнан астам португалиялық қаза тапты.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық бюросының мәліметі бойынша, 2022 жылдың жазында аптап ыстықтан қайтыс болғандар саны 2019 жылғы пандемияға дейінгі көрсеткіштерден 11 000 адамға асып түсті.
Сарапшылар Еуропадағы қалыптан тыс ыстық ауа райы мен құрғақшылықты жаһандық жылынумен байланыстырады.