Өрт 17 тамыз сағат 10:00-те шыққан.
Оқиға орнына Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметінен 15 қызметкер мен 5 техника, Төтенше жағдайлар министрлігінің 8 қызметкері мен 2 техникасы жұмылдырылды.
Шахтада барлығы 227 адам болған. Оларды біртіндеп жер бетіне шығарып жатыр. Соңғы ақпарат бойынша, 227 адамның 224-і жер бетіне шығарылды.
Апат орнында 13 адам дәрігерге жүгінген. Олардың шағымы: бас ауруы, жөтел. Төрт адам ауруханаға жатқызылды: екеуі Шахтинск орталық ауруханасына, екеуі облыстық медициналық орталыққа.