Жол ережесін бұзған жүргізушінің кесірінен жазықсыз адам көз жұмды.
13 тамыз күні сағат 20:10-да «Ялта- Құлайғыр» тас жолында Toyota Previa автокөлігінің 64 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, Lada Priora көлігімен соқтығысқан. Салдарынан Lada Priora-ның 49 жастағы жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.
Lexus көлігінің жүргізушісі ережені бұзбай қайғылы оқиғаның құрбаны болды. Сол күні сағат 13:10-да «Қарағанды – Балқаш» тас жолында 42 жастағы Багем көлігінің жүргізушісі жолдың қарсы бағытына шығып, 63 жастағы азаматтың басқаруындағы Lexus көлігімен соқтығысқан. Екі автокөліктің жүргізушілері әртүрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізіліп, Lexus автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды. Қарсы бағытқа шығып, адам өмірін қиғаны үшін екінші жүргізушінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Ол ауруханада жатыр, шыққан соң жауапқа тартылады.
13 тамыз күні түнгі сағат 01:30 шамасында «Ақсу – Аюлы – Ағадыр» тас жолында Ағадыр кентінен 30 шақырым жерде 20 жастағы BMW автокөлігінің жүргізушісі, алдын ала болжам бойынша, Ағадыр кентіне бағыт алып бара жатып, рөлге ие бола алмай арыққа ұшып кеткен. Көліктегі екі жолаушы оқиға орнында қаза тапты.
Барлық фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды,
деп хабарлады Қарағанды облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.