ШҚО-да жасөспірімнің жоғалғаны полицияға 10 сағаттан соң хабарланған

Қазіргі уақытта 12 жасар Темірланды 550-ден астам адам іздеп жатыр. Оның үйден шыққандағы киімінің сипаты мен дене бітімі туралы ақпарат жарияланды. Бұл туралы Ішкі істер органдары медиа орталығы хабарлады.

Қазір 2010 жылы туған Темірлан Ахметжановтың із-түссіз жоғалу фактісі сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Кәмелетке толмаған бала жоғалып кеткен сәтте көк жемпір, көк трико, жасыл жаздық аяқ киім (сланцы) киген,

делінген хабарламада.

Белгілері: бойы — 140 см, дене бітімі орташа, шашы қысқа, қара, көздері ашық-қоңыр, екі аяғындағы бас бармақ аймағында зақым бар.

Сол түні бала анасымен бірге ұйықтап жатқан. Анасы түнде оянғанда баласының жанында болмай шыққанын анықтады. Бала ақыл-есі кем, тұйық, сөйлемейді,

делінген хабарламада.

Полиция осыған ұқсас аурулары бар балаларды емдеуге маманданған медицина қызметкерлеріне сауалнама жүргізді. Темірлан басқалардан әдейі жасырынып, оның атын атағанда жауап бермеуі мүмкін деген болжам бар. Баланың отбасы тұрмысы нашар отбасы есебінде жоқ.

Темірлан үйіне өзі оралады деп болжаған анасы полицияға уақтылы хабарласпаған. Жоғалған сәттен бастап полицияға хабарласқанға дейінгі уақыт аралығы 10 сағаттан асады.

Қазіргі уақытта іздеу аумағы 14 секторға бөлінген. 1 мыңға жуық саяжай учаскелері тексеріліп жатыр, олардың көпшілігі — қараусыз қалған учаскелер. Тексеру жаяу жүру тәртібімен де, қызметтік автомашиналар мен атты әскерлерді пайдалану арқылы жүргізіліп жатыр. Таңға қарай саяжай массивіне жақын жатқан көпқабатты үйлер, Жаңа Согра кенті, шатырлы үй-жайлар мен жертөлелер қаралды.

Дүкендердің, соның ішінде азық-түлік дүкендерінің барлық қызметкерімен әңгімелесу жүргізілді. Құтқарушылар саяжай массиві ауданында ағып жатқан Маховка өзенінің арнасын тексеріп жатыр.

Еске салайық, Шығыс Қазақстан облысының Согра ауылында 12 жасар жасөспірім жоғалды. Бала 14 тамызда 02:30-да үйінен шығып кеткен. Баланың аты-жөні — Темірлан Ахметжанов. Аутизммен ауырады, сөйлей алмайды. Бүгін жасөспірімді жедел іздестіру штабы құрылды.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

20 часов ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

20 часов ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

20 часов ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

21 час ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

22 часа ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

2 дня ago