Categories: Оқиға

Қарағандыдағы 16 қабатты үйдегі өрт: үш адамның мәйіті табылды

10 қаңтарда Қарағандыдағы Республика даңғылында орналасқан 16 қабатты үйден өрт шықты. Апат салдарынан үш адам қаза тапты, тұрғындар зардап шекті. Бұл туралы Ekaraganda.kz хабарлады.

Төтенше жағдй департаментіне өрт туралы хабар 10 қаңтар сағат 21:29-да түскен. Апат қызметкерлер күшімен сағат 22:37-де оқшауланды. Дегенмен бұл уақыт аралығында апаттан зардап шеккендер мен қайтыс болғандар бар болып шықты.

Қарағанды облысы ТЖД мәліметінше, газ жарылған №18/2 үйдің пәтерінен қаза тапқан үш адамның – алдын-ала болжам бойынша, екі ер адам мен әйелдің денесі табылған.

Өрт кезінде бір адам пәтер терезесінен құлап кеткен. Қазір ол ауруханада жатыр. Ведомствоның мәліметінше, 1979 жылы туған ер адам кеуде қуысының жабық жарақатын алған, жіліншік сүйектерінің орны ауысып, сынған. Ауруханаға түскен сәтінде науқас мас күйінде болған. Қазір есін жиған, адекватты. Дәрігерлер оған медицина көмегін беріп жатыр.

Оқиға орнына ТЖ қызметкерлерімен қоса облыс ТЖД бастығы Мұрат Қатпанов пен Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев келді.

Қарағанды облысы ТЖД бастығы Мұрат Катановтың айтуынша, қазіргі уақытта өрттің себебі анықталып жатыр, дәлірек айтсақ, пәтерді тексергеннен кейін белгілі болады. Алдын-ала болжамға сәйкес, шамамен 8-қабатта жарылыс болып, кейін ол өртке ұласқан.

Бұл не болды: газ баллоны немесе басқа газ-ауа қоспасының жарылуы әлі анық емес. Алайда, оқиға болған кезде үй газдандырылмаған.

деді Мұрат Қатпанов.

Қала әкімінің міндетін атқарушы Мейрам Кожухов қазіргі уақытта өрт болған №18/2 үйдің барлық тұрғыны, нақтырақ айтқанда, 126 пәтердің тұрғындары эвакуацияланғанын хабарлады. Барлығы — 110 адам.

Ал қала әкімінің сөзінше, эвуакацияланған тұрғында жағдай реттелгенше қонақүйге, туыстарына, жатақханаларға тұрақтанады.

Тұрғындарға медицина, психология көмегі беріліп жатыр. Ғимараттар тексеріліп жатыр. Қарағандыда көпқабатты үйдегі өртке байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Өрт оқиғасынан кейін полицейлер ҚР ҚК-нің 204-бабының 2-бөлігі «Бөтеннің мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру, өртеу, ауыр зардаптарға әкеп соқтыратын немесе қауіптілігі жоғары басқа көздерге абайсыз болу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады,

дейді Қарағанды облысы ПД басқармасы
Наргиза Аршидин

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

5 часов ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

1 день ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

2 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

2 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

2 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

4 дня ago