Қарағанды облысының арнаулы әлеуметтік көмек көрсету орталығынан ауруханаға түскен 14 баланың жетеуі сауығып, ауруханадан шығарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазіргі таңда балалар орталықтағы дәрігерлердің бақылауында. Алты бала реанимация бөлімінде жатыр. Төрт баланың жағдайы оң динамикамен әлі ауыр. Екі баланың жағдайы өте ауыр күйде. Жағдайдың ауырлығы неврологиялық және интоксикациялық синдромына, яғни тыныс алудың жеткіліксіздігіне байланысты болып отыр,
деді денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.
Ол Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті эпидемияға қарсы және тексеру іс-шараларын жалғастырып жатқанын атап өтті.
Алдын ала эпидемиологиялық тексеру, зертханалық және аспаптық зерттеу нәтижелері аурудың даму сипаты тамақтан уланбағанын және инфекциялық аурулардың жоқтығын көрсетті. Бұл жағдайдың болу себебін дәрігер мамандар токсикалық заттан қатты улану деп пайымдайды,
деді Ажар Ғиният.
Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр.
Естеріңізде болса, Қарағанды облысының балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында уланған бір бала қайтыс болып, тағы алтауы жансақтау бөлімінде жатыр.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…