Қарапайым халыққа жасалып отырған қастандық па? Осы күнге дейін сауын аппаратысыз, тоңазытқышсыз сүт сатып келген шаруалардың қолын байлады да қойды.
Айналып келгенде қара халық қиналатын не заң мынау халыққа пайдалы заң шығарсаңдаршы,
халықтың жанайқайы.
Қазақстанда сүт тапшылығы туындауы мүмкін. Өйткені, шикізаттың жетіспеушілігінен сүт зауыттарының 90 пайызына жабылып қалу қаупі төніп тұр, деп хабарлайды Информбюро.
Өйткені сүт өндіретін жеке шаруашылықтарға талап күшейтіліп жатыр. Яғни бұдан былай сиыр сауып, табыс тауып отырған азаматтар арнайы сауын аппараты мен тоңазытқыштары болмаса өнімін өткізе алмайды. Ал ауыл шаруашылығы министрлігі бұл сүт сапасын арттыру үшін қажет дейді.
Солтүстіктегі Кенжебаевтар әулеті ірі қара мал асырап, сүтін сатып табыс тауып отыр. Ауылда жұмыс болмаған соң осылай күн көріп жүргендерін айтады. Төрт сиырдан күніне 50 литрге жуық сүт тапсырып, он мың теңгеге дейін қаражат табады екен. Бірақ енді қорадағы малымды сатуға тура келеді дейді. Өйткені бұдан былай сиыр сауатын аппараты мен сүт сақтайтын салқындатқышы болмайтындар өнімін өткізе алмайды. Ал ол құрылғыларды алатын көбінің ақшасы жоқ.
Меніңше, сиыр ұстайтындарға ол холодильник текке керек жоқ. Ол холодильник қымбат тұрады. Ешкім ала алмайды. Доильный аппарат та қымбат тұрады. Онда расында біз құрып кетеміз. Тек монополистер ғана қалады,
дейді шаруа Тілек Кенжебаева.
Бұл талаптар 2025 жылдың бірінші қаңтарынан күшіне енеді. Ал депутат Закиржан Кузиев Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне енгізілген ортақ жаңа ереже жұмыс істей бастаса сүт зауыттары шикізатсыз қалады деген пікірде. Өйткені зауыттардың 80 пайызын өніммен қамтып отырған қарапайым шаруалар дейді. Ақыры елімізде сүтке мұқтаждық туындап, импортқа тәуелді болып қаламыз деп отыр.
Ертең шикізат болмаса сүт зауыттарының 90 пайызы тоқтап қалады. Ауыл тұрғындарының 70 пайызы тұрақты табысынан айырылады. Сол үшін оларға тиімді несие берілсін. Яғни, ауыл шаруашылығы саласын субсидиялауды қайта қарап, қарапайым шағын шаруашылықтардың жағдайын жасау керек,
Закиржан Кузиев, ҚР Парламенті сенатының депутаты.