Оралда тапа-тал түсте адам өлтіргендер туралы жаңалықты сан-саққа жүгірттік. 90-шы жылдардағыдай ұйымдасқан қылмыс қайта бас көтерді дестік. Діни радикализм күшейіп, ол да криминалданып барады деп тон піштік.
Қазақстандық медиа-маман Никита Шаталов былай деген екен:
Жанжалдың туындауына, оның арты – адам өлтіруге әлгі жігіттің ала алмай жүрген айлығы себеп деген жаңалық шықты. Кейін жігіттердің түрін де көрсетті. Содан менің түйгенім, бұл арада кедейлік пен жоқшылықтан басқа түк те жоқ.
Қылмыскерлердің сақалын қырғаны да бұл жерде діни идеологияның жоқтығын білдіреді. Өйткені радикалдар мұндай символикалық құрбандықтарға бармайды. Ұйымдасқан қылмыстың белгісі де жоқ – әйтпесе кафенің ішінде, камераның алдында тұрып неге адам өлтіреді.
Болған жағдай – әлі жалғасып жатқан қаңтар оқиғасы. Жоқшылық. Жағдайдың жоқтығы. Үмітсіздік итереді адамды осындай қадамға. Мен кісі өлтірген қылмыскерді титтей де ақтап-жақтап отырған жоқпын. Бұл – біздің қоғамымызға қойған диагнозым. Ауруымыз әбден асқыныпты. Елді тез арада емдеу керек. Уақыт созбай, түбегейлі, төтенше жолмен,
депті сарапшы.