Армения Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүшелігін тоқтатты.
Бұл жөнінде France 24 хабарлады.
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт, біздің ойымызша, Арменияға қатысты, әсіресе 2021-2022 жылдары орындалмады. Бұл біздің назарымыздан тыс қала алмады. Біз осы шартқа қатысуды тоқтаттық. Әрі қарай не болатынын көрейік,
деді Армения премьер-министрі Никол Пашинян.
Армения аумағындағы Ресей әскери базасын жабу жөніндегі сұраққа Пашинян «әзірге ондай мәселе жоқ» деп жауап берді.
ҰҚШҰ құрамына Армениядан бөлек, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Беларусь және Ресей кіреді.