Талдықорғанда сұмдық жағдай орын алды.
74 жастағы кейуана банктен несие алып, қарызын уақытылы төлей алмаған. Содан соң ол банк бөлімшесіне барып, сол жерде өзіне қол жұмсамақ болған.
Несие алған банкке барған қарт әйел қолын пышақпен кесіп жіберген. Зардап шегушінің жарасы тайыз болып, ауруханаға жеткізілді. Онда қажетті медициналық көмек көрсетілгеннен кейін науқасқа амбулаторлық емдеуге ұсынылды.
Қалалық полиция қызметкерлері жарақаттың себебі мен барлық мән-жайды анықтап жатыр. Тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы «Өзін-өзі өлтіруге оқталу» бойынша жүргізіліп, облыстық полиция департаментінің бақылауында.
Қазақстандықтар қарызға белшесінен батып қалған.
Банктер қазір тіпті азық-түлікке де несие алуға мүмкіндік беріп отыр, халық мұны белсенді түрде пайдаланып жатыр. Тіпті 2019 жылғы несиелік амнистия жағдайды жақсарта алмады.
Қаржы сарапшыларының айтуынша, Қазақстанның ересек тұрғындарының тең жартысы несие алған. Тек 2016 жылдан бері жеке тұлғаларды несиелендіру 340%-ға – 4,2 триллионнан 14,2 трлн теңгеге дейін өсті. Сонымен қатар, екінші деңгейлі банктердің саны қысқарды. Яғни, қаржылық қызметтер нарығында, табиғаттағы сияқты, тек ең күштілер ғана аман қалады.