Қазақ нанды қатты қадірлеген. Халқымызда «Ас атасы — нан», «Құранды басып, нанды ал» деген керемет нақыл сөздер бар.
Нан күні – астық және ұн өнімдерінің құрметін арттырып, қазақстандық диқандардың, ұн тартушылар мен наубайханалардың еңбегін елеу үшін арнайы белгіленді.Нан — әлемде көпшілік тұтынатын тағамдардың бірі. Адамдар күн сайын ертемен нанмен қуаттанып, тіршілігін бастайды.
16 қазан күні кездейсоқ таңдалмалмаған. 1945 жылы дәл осы күні, Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін, БҰҰ азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы құрылды. Ол ауылшаруашылық өндірісін дамыту мәселелерімен айналысты. Мереке күні 1979 жылы халықаралық конференцияда белгіленгеніне қарамастан, БҰҰ оны 2006 жылы Халықаралық наубайшылар ұйымының өтініші бойынша қайта бекіту туралы шешім қабылдады.
Сол жылдан бастап 16 қазанда — Дүниежүзілік нан күні аталып өтіледі. Бұл күні көптеген елде нан өнімдерінің түрлі көрмелері, аспазшылардың, наубайханалардың және кондитерлердің кездесулері, жәрмеңкелер, шеберлік сыныптар, халықтық серуендер, сондай-ақ барлық мұқтаж адамға нанның тегін таратылуы, қайырымдылық акциялары және тағы басқа да іс-шаралар ұйымдастырылады. Жиналғандар нан өнімдерінің әртүрлі сұрыптары мен түрлерін бағалап қана қоймай, сонымен қатар нанның қалай пайда болғанын, оның тарихы мен дәстүрін, неден жасалғанын, қай жерде өскенін, қалай пісірілетінін және т. б. таныса алады.
Қазақстан халқы да бүгін нан күнін атап өтеді. Бұл күн астық өнімдерінің мәртебесін нығайту мақсатында 2019 жылы Үкіметтің қаулысымен бекітілген.
Бүгінгі таңда республика бойынша астық жинау науқаны аяқталуда, жұмыстар 15,6 млн гектарға (90,2%) жүргізілді. Орташа өнімділігі 9,3 ц/га болған кезде диқандар 14,6 млн тонна астық бастырды.