Қашаған кен орнында газдың шығуы белгілеріне байланысты жұмыс тоқтатылды.
3 тамызда Солтүстік Каспий жобасының операторы — NCOC (North Caspian Operating Company) өндірістік учаске аумағында газдың ауаға шығып кету белгілері анықталуына байланысты «Болашақ» кешенінің мұнай-газ өңдеу зауытында қауіпсіз тоқтату жұмыстары жүргізілгенін растады.
Бұл өндіріс аймағында газдың ағып кету белгілерін анықтауға байланысты. Стандартты тәртіпке сәйкес, өндірістік нысандарда газ датчиктері жұмыс істегеннен кейін факель жүйесіндегі қысым түсірілді
делінген хабарламада.
Оқиға кезінде адамдар денсаулығына зиян келмеген.
Батыс Ескенедегі ауа сапасын бақылау бекеттерінде ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген нормадан асуы тіркелген жоқ.
Қазіргі уақытта өндірісті қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.