Әнші, тележүргізуші өзінің Instagram парақшасында қыз ұзатуға арнап жазылған әнінің үзіндісімен бөлісті.
Жол мұраты — жету, қыз мұраты — кету» дейді. Ұядан ұшып, ұзатылайын деп жатқан қыздарымыз құтты орнына қонып, бақтары ашылсын! Әдемі видеоны қабыл алыңыз,
— деп жазды Аша Матай үзіндіге.
Әнді композитор Арман Дүйсенов жазып берген.
Алайда, ұсынылған әні көпшіліктің қатаң сынына ұшырады.
«Әркім өз жұмысымен айналысса ғой», «Сәтсіз шыққан ән екен, сіздің даусыңызға келмейді…», «Ұнамады орындау да, ән де… Авторға алтын сырға…», «Жарты сөзін түсінбедім», «Дауысың жуан естіліп тұр. Сөз анық емес пе? Білмедім маған ұнамады. Қалғандарға ұнайтын шығар. Сәттілік!», «Ұйқым келмейдінің сортынан болып тұр ғой», «Таныс бар, дауыс жоқ деген осы ғой», «Аша, саған тележүргізуші болып жүре берген дұрыс-ау» деп жазды желі қолданушылары.
Айта кету керек, жақында Аша Матай «Қалаулым» тележобасынан күйеуінің талабы бойынша кеткенін айтты.
Бұл туралы ол «Mom’sкий әңгіме» подкастында әңгімеледі.
Қалаулым» кеткенім біріншіден шаршау бар, екіншіден күйеуімнің талабы. «Болды, қоя қойшы» деді. Біздің қарым-қатынас үшін, балалар үшін осылай болды. Осылай болғаны дұрыс болды. «Қалаулымнан» кеткеннен кейін, 5-6 күннен соң босандым,
деді Аша Матай.