Адамзат 2030 жылға қарай ашаршылықты жою мақсатынан тым алыс
БҰҰ сарапшыларының мәлімдеуінше, өткен жылы әлем бойынша 830 миллионға жуық адам аш қалған. Бұл әлем халқының 10% құрайды. 2020 жылмен салыстырғанда аштықтың саны 46 миллионға артса, пандемия басталғаннан бері 150 миллионға өскен, деп хабарлайды Euronews
Біз кедейшілік көрсеткішінің тым жылдам өсуін байқап отырмыз. Онымен 10 жылдық күресіміз зая кетті. Әлемде байлар мен кедейлер арасындағы алшақтық артып келеді. Көптеген адамдар күнделікті тамаққа зар болып қалды,
Максимо Тореро, азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының бас экономисі
Азық-түлік тапшылығы Азия, Африка, Латын Америкасы мен Кариб бассейнінде ушығуда. Ал сарапшылар Украинадағы жағдай азық-түлік дағдарысын едәуір нашарлатуы мүмкін деп дабыл қағады. Егер мәселе бүгін қолға алынбаса, 2030 жылы 670 миллион адам аш қалуы мүмкін. Бұл 2015 жылғы көрсеткішпін бірдей.