Аштыққа апарар жол: Ресей «астық келісімінен» бас тартты

Украина — әлемдегі ең ірі астық өндірушілердің бірі. Ресей басқыншылығына байланысты Қара теңіз порттарында миллиондаған тонна азық-түлік қалып қалған. Ресей шабуылды Киев ұйымдастырды деп айыптап, астық келісімінен шығатынын мәлімдеді.

Ресей мен Украина әлемдегі астық өнімінің  30 пайызға жуығын береді. Ресейдің Украинаға соғыс ашуы әлем елдерінде астық тапшылығын арттырды. Соғысқа дейін екі ел Африка және Оңтүстік Шығыс Азиядағы кедей елдерге астық жеткізу бойынша көшбасшы болатын. Бұл туралы Abai.kz порталы жазды.

Ресей Украинаға соғыс ашып, Донецк, Луганск, Харьков, Запорожье және Херсон облыстарын оккупациялаған соң, жергілікті астық қоймаларын тонап, бидайды құрлық және су жолы арқылы Ресейге таси бастады. Біраз бөлігін Сирияға жеткізді. Астық қоймаларын тауысқан Ресей астық оруға, егуге қажетті ауыл шаруашылық техникаларын да еліне әкетті, әкете алмағанын жоюға тырысты. Астық алқаптарына өрт қоюға ұмтылған сәттері де болды.

Ресей Украинаның астығын жою арқылы екі мақсатты көздеді. Украина әлемде 400 млнға жуық халықты астықпен қамтамасыз етіп отыр, оның басым көпшілігі кедей мемлекеттердің халқы. Кедей елдерде астық тапшылығы артса, онда босқындар легі Еуропаға ағылады. Бұл өз кезегінде Еуропада экономикалық дағдарысты күшейтеді, міне, сондықтан да астық тапшылығын Мәскеу саяси құрал еткісі келді. Санкцияны жеңілдетсе немесе толық алып тастаса, онда астықты жоюды, тонауды тоқтатамыз деп бейресми сигналдар жолдады. Ресей Украина аумағынан бір дән шықпауы үшін барын салды. Қара теңізді миналау арқылы Украина порттарынан астық тасымалдауды бұғаттады.

22 шілдеде Стамбұл қаласында астық тасымалдауға шектеу қоймайтын келісім жасалды. Түркия, Ресей, Украина және БҰҰ арасында жасалған келісімге сай арнайы дәліз жасалып, ол бойынша кемелер астықты шығару мүмкіндігіне ие болды. Кемелерді кіру және шығу сәтінде тексеру жұмыстары іске асатын. Келісім жалпы 120 күнге жасалып, артынша оны ұзарту мүмкіндіктері қарастырылуы тиіс еді. Астық тасымалдауға 390-ға жуық жүк кемелері қатасқан болатын.

Қазан айының 29 күні басқыншы қолындағы Қырымдағы Ресейдің Қара теңіз флотына шабуыл жасалды. Севастополь маңында бірнеше камикадзе дрондар кемелерге шабуыл жасап, 4 кеме зақымданған. Украина «бұл шабуылға қатысымыз жоқ» деп мәлімдеді, ал Ресей шабуылды Киев ұйымдастырды деп айыптап, астық келісімінен шығатынын мәлімдеді. Біржақты негізде келісімнен шықты, ал БҰҰ мен НАТО Ресейдің бұл шешімін айыптады.

Ресей Киевті «лас бомбамен» бопсалай алмаған соң, бұрынғы әніне қайта басып, астық тапшылығы арқылы аштық жасап, Европаға қысымды күшейтпек. Ал Киев «келісімді қалаған сәтінде үзе салатын Ресей сынды елмен келіссөз жүргізіп, уақыт жоғалту ақымақтық» дейді.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago