12-13 қазанда Астанада Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің, ТМД саммиті және «Ресей — Орталық Азия» саммиттері өтеді. Бұл шараларға қатысуға 11 елдің президенті келеді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі хабарлады.
СІМ мәліметі бойынша, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитіне 11 елдің президенті келеді.
Бұл — Әзербайжан, Ирак, Иран, Катар, Қырғызстан, Палестина, Ресей, Тәжікстан мен Өзбекстан. Вьетнамның вице-президенті, Қытайдың ҚХДР төрағасы орынбасары келеді,
деп мәлімдеді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.
Айбек Смадияровтың айтуынша, Беларусь президенті Александр Лукашенко саммиттің бақылаушысы ретінде қатысады.
Ал ТМД саммитіне Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Түркіментсан, Тәжікстан мен Өзбекстан басшылары қатысады.
Айта кетейік, бұған дейін Ақорда Астанада өтетін халықаралық шаралар тізімін жариялады.
Соған орай Астана полицейлері бүгіннен бастап қызмет атқарудың күшейтілген нұсқасына көшті.