Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы аптада бірқатар халықаралық іс-шараға қатысады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
11-12 қазанда Катар әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Танидың Қазақстанға мемлекеттік сапары жоспарланған.
12-13 қазанда Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған елімізге мемлекеттік сапармен келеді.
13 қазанда Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммиті өтеді. Шара аясында президент мемлекеттер мен үкіметтер басшысымен және халықаралық ұйымдар жетекшісімен екіжақты кездесу өткізеді.
14 қазанда елордамызда президент төрағалығымен ТМД мемлекеттері басшылары кеңесі және «Орталық Азия – Ресей» саммиті жоспарланған.
15 қазанда Қазақстанға Түркіменстан президенті Сердар Бердімұхамедов мемлекеттік сапармен келеді.