Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні Қазақстан мен Түркия арасында жаңа рейс іске қосылды. Mavi Gök Aviation (MGA) әуекомпаниясы 4 маусымда Астана қаласынан Анталияға алғашқы рейсін ашты.
Тікелей рейс Boeing 737-800 бортында жүргізіліп, 5,5 сағатқа созылды.
Тікелей рейстер аптасына екі рет – сәрсенбі және жексенбі күндері жүзеге асырылады.
Boeing 737-800 борты 189 орынға арналған. Жолаушылар ағыны жоғары болған жағдайда, ұшақ ағымдағы жылдың маусым айынан бастап 300-ден астам жолаушылар орны бар Boeing 777-300ER-ге ауыстырылады деп жоспарлануда.
Естеріңізге сала кетейік, Mavi Gök Aviation (аудармасы «Көк аспан») 2022 жылдың сәуір айында Анталия әуежайы негізінде құрылған түрік әуекомпаниясы.
Бүгінгі таңда маршруттық желіде бүкіл әлем бойынша ондаған бағыттар бар. Басым бағыттардың қатарына Еуропа, соның ішінде Австрия, Германия және Мажарстан, сондай-ақ Доминикана, Мексика және Тайланд кіреді.
Әуе паркі Boeing 737-900ER (3×428), үш Boeing 737-800 (189 орындық сыйымдылығы бар 3 лайнер) және кең фюзеляжды Boeing 777-300ER ұшақтарымен ұсынылған.