Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев жұма намазына елорданың бас мешітіне барды. Бұл туралы Тұңғыш Президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-де хабарлады.
Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев жұма намазына елорданың бас мешітіне барды. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің құрметті қонағы, «Әл-Азһар» университетінің жоғарғы имамы Ахмед ат-Тайебті қарсы алды,
деді ол Twitter-де.
Айта кету керек, бүгін Сенат пен Мәжіліс депутаттары елорда атауын Нұр-Сұлтаннан Астанаға өзгертуді қолдап дауыс берді. Қазақстан астанасы атауын Астана деп өзгерту «Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына енгізілді.
Енді Астана күні тойлана ма? Тілшіміздің материалынан оқыңыз.