Фото: fcastana.kz
«Астана» футбол клубы Тбилисиде «Динамоны» ұтып, Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіне өтті. Отандастарымыз сырт алаңдағы қарымта ойында 2:1 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды vesti.kz.
Бір апта бұрын «Астана Аренадағы» ойында командалар 1:1 есебімен тең тарқасқан.
Тбилисидегі қарымта ойынды алаң иелері ширақ бастады. 22 минутта Усман Камара есеп ашып, алаң иелерін алға шығарды.
Екінші таймды да «Динамо» шабуылмен бастап, есепті еселеуге аз қалды. 50 минутта Абзал Бейсебеков алға ұмтылып, таразы басын теңестірді. Араға бір минут сала Дембо Дарбо есепте елордалық команданы алға шығара білді. Оның асқан шеберлікпен тепкен добын Гиорги Лория қайтарғанмен, доп қақпа торында тулады. Осылайша Григорий Бабаян шәкірттері камбэк жасай білді.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…