Алғашқы рейстермен 140 жолаушы ұшып келіп, 157 жолаушы ұшып барған.
Бүгін Қазақстан мен Түркия астаналары арасындағы тікелей әуе рейсінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Қазақстанның Азаматтық авиация комитетінің хабарлауынша, Астана мен Анкара арасындағы рейстер аптасына 2 рейс жиілігімен Б-737 үлгісіндегі әуе кемелерінде жүзеге асырылатын болады.
Тасымалдаушы — «Turkish Airlines» түрік әуе компаниясының «AnadoluJet» еншілес кәсіпорны.
Алғашқы рейстермен 140 жолаушы ұшып келіп, 157 жолаушы ұшып барған.
Аталған рейстің ашылуы Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда, туризм және бизнесті дамытуға оң әсерін тигізеді деп болжанып отыр.
Салтанатты шара Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев, Түркияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Уфук Экичи, «AnadoluJet» компаниясының маркетинг жөніндегі директоры Ахмет Цылдыз, «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ президенті Дәулет Хамзинның қатысуымен өтті.