Оқиғаның жай-жапсарын «Немолчи» қоғамдық қоры айтты.
Бүлдіршін анасы жұмысқа кеткенде әкесімен үйде қалған. Сол кезде әкесіне досы келіп, екеуі ішімдік ішкен. Кейіннен ер адам арам ойын жүзеге асырған. Анасы таңғы сағат 6-да жұмыстан оралғанда қызды осы ер адамның жанынан тауып алған. Бүлдіршін анасына шағымданыпты.
Астана қаласы полиция департаменті ҚР ҚК 124-бабы бойынша соталды тергеп-тексеруді жүргізілгенін мәлімдеді.
Бұл факті бойынша «Есіл»ауданының полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркеді. Сараптама жасалады, нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады. Өзге ақпарат жарияланбайды.