Күдікті Ресей азаматы, жүк көлігін айдап келген және осында бір әйелмен танысқан. Ер адам өзінің АИТВ-статусын ескертпей, көңіл қосқан әйелге инфекция жұқтырған.
Сондықтан материал тергеу органдарына берілді. Қазір қылмыстық іс қозғалып жатыр.
Себебі АИТВ инфекциясы табылған адам ақпараттандыру туралы келісімге қол қояды. Ол өзінің диагнозы туралы білетіндіктен, бұл үшін жауапкершілік жүктеледі. Егер ол жыныстық қарым-қатынасқа түссе, төсектесіне АИТВ туралы хабарлауға міндетті.
Алдымен мамандар эпидемиологиялық тергеу жүргізеді, жұқтыру жолын, инфекцияның ықтимал көзін табады. Содан кейін бұл адамға аурудың кімнен жұғуы мүмкін екенін білуге болады. Осылайша, қасақана ауру жұқтырған адамды сотқа беруге болады.
«Жизнь вопреки» қоғамдық ұйымының басшысы Айна Мұқышева аталған сот ісінің қалай жүргенін баяндады.
«Бүгін осы қыздың ісі бойынша сот отырысы өтті. Оған ауру жұқтырған ер адам 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Негізі оған 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы берілді, бірақ ол бұрын істі болмағандықтан, бұл мерзім қысқартылды,
деді А. Мұқышева.
Айта кетейік, жыл сайын 1 желтоқсанда әлемдік қауымдастық, оның ішінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, Біріккен Ұлттар Ұйымы, қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтер АИТВ/ЖИТС қарсы күрес күнін өткізеді.
АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының директоры Сәбит Әбдірайымов вирус жұқтырғандардың орташа жасы 20-30 жас екенін айтты. Бұл жалпы науқастар санының кем дегенде 54%-ын құрайды.