Қоғам

Астанада қайтыс болған мобилографтың құрбысы марқұмның соңғы күндері қалай өткенін айтты

Астанадағы концертте көз жұмған мобилографтың құрбысы КТК телеарнасына мәлімдеме жасады. Ол марқұм Шахназ Жылқайдардың энергетикалық сусындарды көп ішкеннен қайтыс болды деген қауесетті жоққа шығарды. Айтуынша, мобилограф көзі тірісінде оларға мүлдем қарсы болған.

Марқұмның құрбысы Мөлдір есімді бойжеткеннің айтуынша, Шахназ Жылқайдардың өліміне энергетикалық сусындардың қатысы жоқ. Марқұм апта бойы жұмыстан бас көтермеген. Тіпті қайтыс боларының алдында екі тәулік бойы көз ілмегенін айтыпты. 

Дәрігерлер мобилографтың өліміне жедел геморрагиялық панкреонекроз дерті себеп болды деген болжамын айтты. Ал сараптама нәтижесі екі аптадан кейін белгілі болмақ.

Әлеуметтік желіде жас жігіттің өліміне қатысты түрлі қауесет тарады. Соның бірі — энергетикалық сусынды көп мөлшерде тұтынған болуы мүмкін деген болжам. Алайда, марқұм Шахназдың құрбысы бұл ақпаратты жоққа шығарды. Құрбысының айтуынша марқұм көзі тірісінде энергетикалық сусынға түбегейлі қарсы болған.

14 қазан күні Жылқайдар Шахназдың денесі сот медициналық сараптама жұмыстарын жүргізу үшін сот сараптама институтына жіберілді. Өлімнің алдын ала себебі ол жедел геморрагиялық панкреонекроз. Өлімнің нақты себебін біз тек қана токсикологиялық зерттеу нәтижелерінен кейін білетін боламыз. Зерттеу жұмыстары екі апта көлемінде жүргізіледі, 

деді Астана қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Наргиз Шотпай.

Қайғылы жағдайдың мән-жайын қалалық полиция департаменті де анықтап жатыр.

Еске салсақ, бұған дейін Астанадағы “Ирина Кайратовна” тобының концертінде 21 жастағы мобилограф жігіт сахнада құлап көз жұмғаны туралы жазған болатынбыз.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago