Астанада көп қабатты үйдің лифтісі құлады

Құтқарушылар келгенше зардап шеккен екі адам кабинадан өз бетімен шығып үлгерген.

Кейінгі кезде лифтіде тұрып қалған адамдар туралы, кабинаның істен шығуы және тағы басқа жайлы хабарлама жиілеп кетті. Жуырда ғана Алматыдағы Mega Towers тұрғын үй кешенінде лифт кенет жоғары көтеріліп, 25-қабатқа соғылған. Оқиға кезінде оның ішінде ер адам болған, оны құтқарған кезде лифт ішінен қан көрінген. Азамат қолын жарақаттап алған. Кейін Алматыдағы тағы бір тұрғын үй кешенінде жергілікті тұрғын бір жарым сағат лифтіде тұрып қалып, есінен танып қалған.

Енді елордада осындай оқиға болды. Төтенше жағдайлар департаментінің (ТЖД) баспасөз қызметі Күйші Дина көшесі, 31 мекенжайындағы тұрғын үйдегі лифт істен шыққанын хабарлады. Оқиға 1 тамыз күні сағат 10:45-те болған. Кабинада адамдар болған.

Құтқарушылар жеткен кезде лифтінің үшінші қабаттан бірінші қабатқа құлағаны анықталды,

деді ТЖД таратқан хабарламада..

ТЖД қызметкерлері келгенше лифтідегі екі адам өз бетінше сыртқа шыққан.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago