Астанада 7 тамызда 10 жасар баланың үстіне футбол қақпасы құлап кеткен. Оқушы алған жарақаттарынан көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Білім беру басқармасының мәліметінше, оқушы мектеп аумағында болған.
№10 мектеп аумағында 10 жасар баланың үстіне футбол қақпасы құлап кетті. Алған жарақаттарынан бала жан тапсырды,
деп мәлімдеді Астана қалалық білім беру басқармасының баспасөз қызметі.
Zakon.kz басылымының мәліметінше, қазіргі таңда баланың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
«Білім беру басқармасы марқұмның отбасына қайғыра көңіл айтады», – деп қосты ведомство өкілдері.