Республика күні Астанада «Қыран елім – Қазақстаным!» акциясы іске қосылды. Оның аясында астаналық спортшылар «Қазақстан –республика менің!» өлеңін оқып, эстафетаны атыраулық спортшыларға жолдады. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.
Патриоттық акцияға қатысушылар елордадағы мемлекеттік рәміздер алаңына жиналып, бүкіл елге таралатын челлендж бастадыы. Осылайша жас республиканың халықаралық татамиде, корттарда, тректерде және рингтерде жеткен спорттық жеңістерін тойлады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев заңға өзгеріс енгізіп, 25 қазанды мемлекеттік мереке – Республика күні деп жариялады. Біз, Астана қаласының спортшылары Республика күнін жаңа мемлекеттік мереке ретінде атап өтеміз. Осыған орай, біздің патриоттық акциямызды 25 қазанда аталып өтетін Республика күніне орайластыру туралы шешім қабылданды. Челленджді атыраулық спортшыларға береміз. Акция отандық спортты дамыту мақсатында өткізіліп отыр. Сынақ эстафета ретінде еліміздің басқа қалалары мен аудандарына тізбек бойынша өтеді
– деді Олимпиада чемпионы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитеті Бас хатшысының орынбасары Серік Сәпиев.
«Қыран елім – Қазақстаным!» патриоттық акциясы қазанның соңына дейін жалғасады.