Қазақстаннан Ресейге әскери киімдерді заңсыз алып өтпек болғандар ұсталды

Қазақстаннан Ресейге әскери киімдерді алып өтпек болғандар ұсталды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Наша газета» басылымына сілтеме жасап.

«Қайрақ» автомобиль өткізу бекетінде әскери бас киімдер мен тактикалық рюкзактарды заңсыз алып өтпек болғандардың жолы кесілді. Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мен ҚР ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлері жүк бөлігінде әскери киімдер болған «Газель» көлігін ұстады»,

делінген ақпаратта.

Дереккөз ұсынған ақпаратқа сүйенсек, өнімнің ілеспе құжаты болмаған.

«Қазір жүк тиелген көлік бақылау-өткізу пункті орналасқан жерде тұр, тауардың шыққан жері мен экспортқа қатысы бар тұлғаларды анықтау шаралары жүргізілуде»,

деп мәлімдеді мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі.

Жедел шаралардың нәтижесінде кінәлілер жауапқа тартылып, тәркіленген жүк мемлекет меншігіне өтетіні айтылады.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

3 дня ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

4 дня ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

5 дней ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

5 дней ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

5 дней ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

7 дней ago