Павлодар облысы. Железин ауданы. Актау ауылы. Суреттерге қарап мынау нысанның жағдайы қаншалықты мүшкіл екенін көруге болады. Бұл мектепте 35 бала оқиды. 18 мұғалім еңбек етеді. Олардың ешқайсысы зардап шекпеді.
Железин ауданы ішкі саясат бөлімінің басшысы Мұрат Асайыновтың айтуынша, қатты жел Ақтау ауылында Березовка жалпы білім беретін негізгі мектебі спортзалының 240 шаршы метр аумақта ағаш құрылымдармен бірге профильді төбесін жұлып әкеткен.
Білім ордасының шатырына 2011 жылы ішінара жөндеу жұмыстары жүргізілді. Спортзалда металл профильді шатыр жабылған,
дейді Мұрат Асайынов.
Павлодар облысы ТЖ жою басқармасының бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Ақылбек Баяхметов қазіргі уақытта жергілікті атқарушы орган, комиссия мен мүдделі органдар жұмыс істеп жатқанын хабарлады.