Атырау облысында хиджабын шешуге қарсы болған 150 оқушы қыз мектепке барудан бас тартқаны рас па?
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев бүгінде хиджаб киген оқушы қыздардың мектепке бармай қоюына қатысты проблема шешілгенін мәлімдеді.
Журналистер бұл сұрақты министрге үкімет отырысында қойған. Сұрақ: Атырау облысында 150 оқушы қыз хиджабын шешуден бас тартқандықтан мектепке бармайды деген ақпарат рас па?
Министр мұндай оқушылардың саны 150-ден де көп болғанын, бірақ ата-анасымен түсіндіру жұмыстарын жүргізгеннен кейін проблема шешілгенін мәлімдеді.
Бәріңіз түсініп отырсыздар, мектеп балалардың сапалы білім алуы мен тәрбиесі үшін ашылған. Сондықтан, ата-аналардың көбі түсіне бастады. Қазіргі уақытта мұндай мәселе жоқ. Басқа өңірлерде, орамал таққан оқушыларға келсек, менде қолымда мұндай ақпарат жоқ. Маған жеткізілген ақпарат бойынша, мұндай оқушылар жоқ,
деді Бейсембаев.
Журналистер сұрағын нақтылады: «Демек, сіз Қазақстанда хиджаб кигені үшін мектепке бармай жүрген қыздар жоқ дейсіз бе?»
Бастапқыда проблема болды. Бұл проблема қазір соңына дейін шешіліп жатыр, толықтай. Ата-аналар мектептің бірінші міндеті – сапалы білім мен тәрбие беру екенін түсіне бастады. Біз бұл нәрселерді шатастырмауымыз керек,
деді ол.